Қазақстанда үшінші ресми валюта пайда болды

128
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/DGCg9SfgNhnN456cYTfzUOqHXLk4zmzB6bKhuaF2.jpg

Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов 15 маусым күні ОКҚ-да өткен брифинг барысында цифрлық теңге қандай салаларда қолданылатынын айтты, деп хабарлайды “Адырна”.

Вице-министр 2025 жылы Ұлттық Банкпен бірлесіп мемлекеттік сатып алу, инфрақұрылымдық жобалар, субсидиялау және салықтық әкімшілендіруді қоса алғанда, түрлі бағыттар бойынша 20-ға жуық пилоттық жоба іске қосылғанын еске салды.

"Бұл пилоттық жобалар жақсы нәтиже көрсетті. Осыған байланысты бүгін Ұлттық Банк пен Үкімет цифрлық теңгені көптеп шығару жоспарын бекітті. Нормативтік-құқықтық жағы да бекітілді. Бұл - ресми түрде Қазақстандағы үшінші валюта", - деді вице-министр.

Оның айтуынша, валютаны кезең-кезеңімен енгізу жоспарлануда. Ол бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау үшін енгізіледі.

"Бұл - қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз ақшамен қатар жүретін ұлттық валютаның үшінші түрі. Бүгінгі таңда цифрлық теңге платформасының мәртебесі және оның жұмыс істеу тәртібі заңнамалық түрде бекітілген. Айналымға шамамен 339 млрд цифрлық теңге шығарылды. 20-дан астам пилоттық жоба іске асырылды. Цифрлық теңгені қолдану бюджет қаражатының ашықтығы мен пайдаланылуын бақылауды арттыруға, олардың нысаналы жұмсалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деді вице-министр.

 

Комментарии