Астанада субұрқаққа шомылғандар айыппұл төлейді. Бұл туралы туралы Есіл ауданының полиция басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".
Астанадағы Ботаникалық бақтың субұрқақтарына шомылған балалардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартыла бастады. Жиі ескерту жасалып жатса да, кейбір ересектер балаларының субұрқақ суына түсуіне тыйым салмайды. Мұндай жағдайда полицейлер кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін орындамағаны үшін ата-аналарға қатысты әкімшілік хаттама толтырады.
Тәртіп сақшыларының сөзінше, субұрқақтар тұрған жерде балаларды тоқ соғып, түрлі инфекция жұғуы мүмкін.
"Ата-аналарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, балаларды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ олардың субұрқақтар мен шомылуға арналмаған басқа да орындарда суға түсуіне жол бермеуге шақырамыз", – деп атап өтті Есіл аудандық полиция басқармасы.
Казахстан как центр духовной дипломатии: эксперт о значении Съезда лидеров мировых и традиционных религий
