Енді субұрқаққа шомылғандар айыппұлға да "шомылады"

198
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/TxsiFilw1nmu5N9e5pMpeCTmHzNa9w9O9uSqwDct.jpg

Астанада субұрқаққа шомылғандар айыппұл төлейді. Бұл туралы туралы Есіл ауданының полиция басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Астанадағы Ботаникалық бақтың субұрқақтарына шомылған балалардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартыла бастады. Жиі ескерту жасалып жатса да, кейбір ересектер балаларының субұрқақ суына түсуіне тыйым салмайды. Мұндай жағдайда полицейлер кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін орындамағаны үшін ата-аналарға қатысты әкімшілік хаттама толтырады.

Тәртіп сақшыларының сөзінше, субұрқақтар тұрған жерде балаларды тоқ соғып, түрлі инфекция жұғуы мүмкін.

"Ата-аналарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, балаларды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ олардың субұрқақтар мен шомылуға арналмаған басқа да орындарда суға түсуіне жол бермеуге шақырамыз", – деп атап өтті Есіл аудандық полиция басқармасы.

评论