Қазақстанның үш облысында сел жүру қаупі бар

241
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/tvpEiXBLp7PEBsr8yeJOJPUMIHbhQyAyTYYJomZa.jpg

«Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі 3–5 шілде аралығында Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қауіпті гидрометеорологиялық жағдай қалыптасуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды "Адырна".

Мекеменің мәліметінше, ауа температурасының жоғары болуы және алдағы күндері күтілетін нөсер жауын-шашын салдарынан тау беткейлерінен су қарқынды ағып, өзендердегі су деңгейі көтерілуі ықтимал.

Осыған байланысты көшкін мен сел жүру қаупі артады. Құтқарушылар өңір тұрғындары мен демалушыларға ауа райы болжамын мұқият қадағалап, мүмкіндігінше таулы аймақтарға бармауға және қауіпсіздік талаптарын сақтауға кеңес берді.

Айта кетейік, 3 шілдеге қараған түні «Қазселденқорғау» Алматы өңіріндегі мореналық көлдерге жүргізілетін мониторингті күшейткен болатын.

 

Комментарии