«ҚазАвтоЖол» мен «Жасыл даму» жобасы тексеріледі

103
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/vmvbN7HiOGsCF8AXXBo3h8uCwudBi7qb7ICB8DNR.webp

Жоғары аудиторлық палата жылдың екінші жартысында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мен «Жасыл даму» АҚ қызметіне мемлекеттік аудит жүргізеді, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Аудит газ саласын, инвестициялық жобаларды, жекелеген ұлттық жобаларды, оның ішінде «Ауыл – ел бесігі» жобасын қамтиды. 

Бұдан бөлек, Шымкент қаласына, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарына, фармацевтикалық өнім өндірушілерді мемлекеттік қолдау тетіктеріне тексеру жүргізу жоспарланған.

Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловтың айтуынша, жыл басынан бері жалпы құны 5,8 трлн теңгені қамтитын 13 ірі мемлекеттік аудит аяқталған. Оның аясында бірқатар өңірлердің жергілікті атқарушы органдарының, «Проблемалық кредиттер қоры», «Аграрлық несие корпорациясы», «Қазпошта» АҚ және «Ақтау теңіз сауда порты» АҚ қызметі тексерілген.

Аудит нәтижесінде анықталған қаржылық және рәсімдік бұзушылықтар бойынша мемлекет бюджетіне 128 млрд теңге қайтарылған.

Әлихан Смайыловтың мәліметінше, жыл соңына дейін тағы 20 мемлекеттік аудитті аяқтау көзделіп отыр. Сондай-ақ жаңа Бюджет кодексіне сәйкес 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасына бағалау жүргізіледі.

Комментарии