Украина қарулы күштері 13 шілдеге қараған түні Азов теңізінде 15 кемеге соққы жасағанын жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Украина қарулы күштерінің ұшқышсыз жүйелер күштерінің қолбасшысы Роберт Бровдидің айтуынша, зақымданған кемелердің қатарында жеті мұнай танкері, бес құрғақ жүк кемесі, бір паром және екі буксир бар.
Сондай-ақ Бровди 6–13 шілде аралығында Украина әскері жалпы 105 түрлі кемеге нәтижелі соққы жасағанын айтты. Алайда бұл ақпарат тәуелсіз дереккөздер арқылы әзірге расталған жоқ. Ресей тарапы да аталған хабарламаға қатысты ресми пікір білдірмеді.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Азов теңізіндегі шабуылдардан кейін Ресей Азов–Дон теңіз каналы арқылы жүк тасымалын уақытша тоқтатқан. Бұл шешім Ресейдің Азов теңізі арқылы жүзеге асатын астық экспортының шамамен төрттен бір бөлігіне әсер етуі мүмкін.
Әзірге кеме қатынасының нақты қанша уақытқа тоқтатылатыны белгісіз.
Общественный фонд «Қазақстан халқына» построит 114 домов для пострадавших от паводков в Западно-Казахстанской области
