Елде мұнай мен жанармайды экспорттау тоқтатылды

118
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/FHjILtceDgLub17nh4puKiip9oJKUpEfaa2oYKbV.jpg

Қырғызстан мұнай және жанармаймен тұрақты қамтамасыз ету үшін өнімдерді экспорттауға тыйым салды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Сонымен қатар елге автокөлікпен мұнай өнімдерін әкелуге қатысты бұрынғы шектеулердің күші 2027 жылдың 1 сәуіріне дейін тоқтатылды.

Қырғыз Республикасы Министрлер кабинеті 2026 жылғы 13 шілдеде №484 қаулы қабылдап, мұнай мен мұнай өнімдерінің импорты мен экспортына қатысты бұрынғы қаулыларға өзгерістер енгізді.

Жаңа құжатқа сәйкес, 2019 жылы енгізілген Қырғызстан аумағына автокөлік арқылы мұнай мен мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін әкелуге қойылған уақытша тыйымның күші 2026 жылғы 25 мамырдан 2027 жылғы 1 сәуірге дейін тоқтатылды. Бұл кезеңде аталған шектеу қолданылмайды.

Сонымен қатар, билік мұнай мен мұнай өнімдерін Қырғызстан аумағынан автомобиль және теміржол көлігімен шығаруға уақытша тыйым енгізді. Шектеу елдің ішкі нарығы толық қамтамасыз етілгенге дейін немесе Еуразиялық экономикалық одақтың мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарығы құрылғанға дейін күшінде болады.

Тыйым ЕАЭО сыртындағы елдерге ғана емес, жалпы Қырғызстаннан мұнай мен мұнай өнімдерін шығаруға қатысты қолданылады. Алайда министрлер кабинетінің арнайы шешімімен қайта өңдеуге жіберілетін нафта, мазут және пеш отыны бұл талаптан тыс қалады. Мұндай өнімдер кейін қайтадан Қырғызстанға әкелінуі тиіс.

Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енді.

Комментарии