Құрылтай депутаттығына 546 кандидат ұсынылды

119
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Ep3p1rpHMg2KRmCFybN6cE5v7Q2ciT7VyJc5JvOh.webp

Құрылтай депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы 13 шілде сағат 18:00-де аяқталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясына жеті саяси партияның партиялық тізімдері ұсынылған. Атап айтқанда, «Ақ жол» демократиялық партиясы – 63, «Ауыл» партиясы – 69, «Әділет» саяси партиясы – 186, «Байтақ» жасылдар партиясы – 47, Қазақстан халық партиясы – 72, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 33 және Respublica партиясы 76 кандидат ұсынған.

Осылайша, партиялық тізімдерге барлығы 546 кандидат енгізілді.

ОСК мәліметінше, ұсынылған құжаттар кандидаттардың Қазақстан Республикасы Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң талаптарына сәйкестігін тексеру үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданды.

Партиялық тізімдерді тіркеу 2026 жылғы 23 шілде сағат 18:00-де аяқталады.

Комментарии