Мексикада Димаш Құдайбергенге арналып шардан 4,5 метрлік мүсін жасалды

162
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/h99gky0ANtI1BQx1zRjIQ2NqnhaKbnwM5yx0iBjC.jpg

Фото: dimashnews.com

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Латын Америкасындағы концерттік туры қарсаңында Мексикадағы өнерпаздың жанкүйерлері ерекше шығармашылық жобаны жүзеге асырды, деп хабарлайды "Адырна".

Мексикалық Dears фанаты, әуе шарларынан мүсін жасаушы суретші Ольга Лидия Эрнандес өзінің шығармашылық тобымен және Dimash & Dears Regias фан-клубының мүшелерімен бірлесіп, Димаштың биіктігі 4,5 метр болатын мүсінін жасады.

Инсталляция Нуэво-Леон штатының Монтеррей қаласындағы халық көп жиналатын сауда орталықтарының біріне қойылды. Дәл осы қалада 2026 жылғы 14 қарашада Димаш жаңа DiMENSIONS әлемдік туры аясында концерт береді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жоба қала тұрғындарын қазақстандық өнерпаздың шығармашылығымен таныстырып, алдағы концертке назар аударуды мақсат етеді. Ерекше мүсін қазірдің өзінде сауда орталығына келушілердің қызығушылығын оятып, Димаштың Монтеррейге жақын арада келетінінің жарқын белгісіне айналып отыр.

Комментарии