Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгияның Ұлттық күніне орай Король Филиппке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы өз жеделхатында Ұлттық күннің Бельгия халқының бірлігі мен ынтымағын айшықтайтын маңызды мереке екенін атап өтті. Сондай-ақ Президент Қазақстанның Бельгия Корольдігімен қалыптасқан достық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға ерекше мән беретінін жеткізді. Оның айтуынша, жуырда Брюссельге жасалған ресми сапар екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге ықпал еткен.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филиппке жауапты мемлекеттік қызметінде табыс тілеп, Бельгия халқына бейбітшілік, бақ-береке және өсіп-өркендеу тіледі.
Новости по теме
Конкурс «Жігіт сұлтаны» в честь 190-летия Биржан сала, 160-летия Балуана Шолака и 100-летия Рахимжана Кошкарбаева и Кокена Шакеева провели в Акмолинской области
