Бірнеше ер адам қала тұрғынын ұрлап кеткен

401
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/L0LUETtnZ82CCsWgG1tvEVeVVtTJYnFpb3BG0TCe.jpg

Ақтөбеде бірнеше ер адам тұрғынды күштеп көліктің жүксалғышына салып, ұрламақ болған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға сәті жол бойымен өтіп бара жатқан көліктің бейнетіркегішіне түсіп қалған. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал жаяу жүргіншілер өткелінде басталған. Жолдан өтіп бара жатқан азамат жүргізушіге ескерту жасағаннан кейін олардың арасында сөзге келіспеушілік туындаған.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, осыдан кейін күдіктілер жәбірленушінің үйінің маңына барып, оны күтіп тұрған. Ер адам таксимен шыққан сәтте белгісіз адамдар көлікті тоқтатып, оны күштеп сыртқа шығарып, Lexus маркалы автокөліктің жүксалғышына салып алып кеткен. Оқиғадан кейін полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, арнайы мақсаттағы жасақтың көмегімен күдіктілер мінген көлікті тоқтатты. Желіде тараған бейнежазбада тәртіп сақшыларының Lexus көлігін қоршап, күдіктілерді жерге жатқызып, қолдарына кісен салғаны көрінеді.

Қазір адам ұрлау фактісі бойынша соталды тергеу басталды. 

Комментарии