Әлия Назарбаева қатысы болған компания таратылды

103
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/b7RXrK32E95aWP5vzT7L5wavgT7JEq1cXtOpZPHg.webp

Қазақстанның бұрынғы президенті Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаева директорлар кеңесінің құрамында болған компания таратылды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі Ұлысмедиаға сілтеп.

Kerfuffle AG компаниясы Швейцарияда ресми түрде таратылды.

Мәліметке сәйкес, компания 2026 жылдың 8 маусымында Швейцарияның заңды тұлғалар тізілімінен түпкілікті шығарылған.

Kerfuffle AG бұған дейін Әлия Назарбаеваның шетелдегі бизнесіне қатысты бірнеше зерттеуде аталған.

Жобаны ирландиялық заңгер Томас Джон Галлахер басқарған. Ол 2009 жылдан бастап Kerfuffle AG директорлар кеңесіне жетекшілік етіп, жобаны қаржыландыруды Әлия Назарбаева қамтамасыз ететінін мәлімдеген.

Жобаға Қазақстан тарапының қатысуы 2018 жылы тоқтатылғанымен, жұмыстар тағы екі жыл жалғасқан. Кейін компания қаржылық дауларға байланысты қоғам назарын аударды.

Әлия Назарбаева Kerfuffle AG директорлар кеңесінің құрамында 2016 жылдан 2024 жылғы 27 қарашаға дейін болған. Сол күні компания қызметін тоқтатып, кейін 2026 жылғы 8 маусымда ресми түрде таратылған.

Комментарии