Жоғалған тұрғынның мәйіті жайылым маңынан табылды

117
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Қызылорда облысында із-түзсіз жоғалған азамат туралы ақпарат белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Іздеу барысында ер адамның мәйіті жайылым маңынан табылды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, хабарлама түскен бойда іздестіру жұмыстары ұйымдастырылып, оған полиция қызметкерлерімен қатар төтенше жағдайлар қызметінің мамандары, еріктілер және жергілікті тұрғындар жұмылдырылған. 

Іздестіру нәтижесінде жоғалған азаматтың мәйіті жайылым аумағынан батысқа қарай шамамен 800 метр жерден табылды.

Алдын ала тексеру барысында мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті процессуалдық іс-шаралар жүргізіліп жатыр. 

Комментарии