«Әділет» партиясының сайлауалды науқаны Қарағанды облысында жалғасты. Партия төрағасы Айбек Дәдебай бастаған Республикалық сайлауалды штабтың мүшелері академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде ғылыми қауымдастық өкілдерімен, оқытушылармен, педагогтермен және жұртшылықпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Құрылтай депутаттығына кандидаттар Асхат Аймағамбетов, Нұрлан Дулатбеков, Үнзила Шапақ, Никита Шаталов және Екатерина Смышляева партияның 2026-2031 жылдарға арналған «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. Онда білім мен ғылымды дамытуға, жастарды қолдауға, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға, өңірлердің кадрлық әлеуетін нығайтуға және жастардың кәсіби тұрғыда қабілетін ашуға жағдай жасауға ерекше назар аударылған.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Профессор-оқытушылар құрамы, педагогикалық және ғылыми қауымдастық өкілдері, студенттер мен өңір тұрғындары сұрақтарын қойып, кандидаттардың алдағы заң шығару қызметіне қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Мәселен, Қарағанды облыстық «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Увайс Джанаев партияның өңірлік филиалдарының жанынан тұрақты жұмыс істейтін қоғамдық келісім кеңестерін құруды ұсынса, тарих пәнінің мұғалімі Өмірсерік Несіпбаев индустриялық өңірлерге маман даярлаудың маңызына тоқталды. Кәсіпкер Наталья Арыстанова бағдарламадағы жас отбасыларды қолдау және отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған шараларды күшейту керек десе, спорт ардагері Валерий Громов ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының экологиялық жауапкершілігіне қатысты партияның бастамалары туралы сұрап, білді.
Өңір тұрғындарының сұрақтарына жауап берген Құрылтай депутаттығына кандидат Үнзила Шапақ партия өңірді дамытудың перспективалы бағыттарының бірі ретінде креативті экономиканы қарастыратынын атап өтті.
«Креативті индустрияларды дамыту жаңа жұмыс орындары мен жастардың әлеуетін ашуға және өңірдің заманауи экономикасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бүгін біз бағдарламаны ғана емес, сонымен бірге жаңа қоғамдық мәдениетті қалыптастыру жолын ұсынып отырмыз», - деді Үнзила Шапақ.
Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы тақырыбын жалғастырған Құрылтай депутаттығына кандидат Екатерина Смышляева өнеркәсіп саясатына, моноқалаларды дамытуға және отандық өндірісті қолдауға арналған бағдарламаның негізгі ережелерін таныстырды.
«Біздің индустриялық саясатымыздың негізінде шикізаттық модельден жоғары қосылған құны бар экономикаға көшу жатыр. Соның жарқын мысалының бірі – бүгінде Саран қаласының экономиканы әртараптандыру бағытындағы тәжірибесі. Сондықтан моноқалаларды дамыту бағдарламамызда жеке блок ретінде қарастырылған. Біз өнеркәсіпті дамыту отандық өндірушілерді қолдаумен, жаңа жұмыс орындарын ашумен және адамдардың өмір сүруіне қолайлы заманауи инфрақұрылым қалыптастырумен қатар жүруі тиіс деп санаймыз», - деді Екатерина Смышляева.
Кездесу соңында өңір тұрғындарының алдында «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сөз сөйледі. Ол сайлауалды бағдарламаның цифрлық платформалар мен азаматтардың өз ұсыныстары негізінде әзірленгенін атап өтті.
«Біз әрбір азамат өз пікірін білдіріп, ұсынысын енгізе алуы үшін цифрлық платформаларды пайдаландық. Бағдарламада нақты мақсаттар белгіленген: бір миллион сапалы жұмыс орнын құру, халықтың орташа өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа дейін және одан да жоғары деңгейге жеткізу, сондай-ақ жергілікті маңызы бар жолдардың нормативтік жағдайдағы үлесін 95 пайызға дейін арттыру. Біз үшін бұл көрсеткіштердің жай ғана абстрактілі сандар болып қалмағаны маңызды. Біз орындалмайтын уәде бермейміз. Орындауға да, тексеруге де болатын міндеттемелерді өз мойнымызға аламыз», - деді Айбек Дәдебай.
Кездесуді қорытындылаған партия төрағасы Республикалық сайлауалды штаб өкілдері Қарағанды облысы тұрғындарының ұсыныстарын жан-жақты зерделегенін айтты.
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, өндірістерді жаңарту, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру және көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері талданып, партияның алдағы жұмысында ескеріледі.
Дәл осы күні Құрылтай депутаттығына кандидаттар Қаныш Төлеушин, Еркебұлан Ілиясов, Рауан Кенжеханұлы, Айсұлу Сүлейменова және басқа да кандидаттар кәсіпкерлермен, IT-қоғамдастық өкілдерімен, TEN QOGAM әлеуметтік бейімдеу орталығының қатысушыларымен және Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының өкілдерімен де кездесу өткізді. Партия өкілдерінің Қарағанды облысындағы кездесулері жалғасып жатыр.
Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.
Главы АФМ Д.Малахов, НПП «Атамекен» Р.Баталов и Уполномоченный по защите прав предпринимателей К.Нуров договорились о взаимном сотрудничестве
