Таиландтың «Яла» футбол командасының ойыншысы Софван Аваэ матч кезінде найзағай түсіп, қаза тапты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Bernama басылымының мәліметінше, қайғылы оқиға 4 тамыз күні Сунгайколок қаласында өткен матч барысында болған. Найзағай алаңның ортасына түсіп, салдарынан бірнеше адам зардап шеккен. Жергілікті полицияның хабарлауынша, 24 жастағы Софван Аваэ оқиға орнында көз жұмған.
«Жедел медициналық көмек қызметкерлері бар күшін салғанымен, ойыншыны аман алып қалу мүмкін болмады»,–деді құқық қорғау органдарының өкілі.
Ақпаратқа сәйкес, зардап шеккендердің барлығы Сунгай Голок ауруханасына жеткізілген. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.
Новости по теме
