Батыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жастар арасында «Экоквест» шарасы өтті.

237
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/8m3dSqdPHwvTfz6GX1FFSEYAulBjbFJpiKuWzdio.jpg

Орал қаласында өзен жағалауында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Экоквест» шарасы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының идеологиясын кеңінен насихаттау, жастар арасында экологиялық мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын дәріптеу.

Шараға қаламыздың белсенді жастарынан құрылған топтар қатысты. Іс-шара барысында алдын ала жасақталған топтар өзен жағалауларын қоқыстардан тазарта жүріп, қызықты тапсырмалар орындау арқылы сайысқа түсті.

Шараның ашылуында Сарсенбаев Нұрсұлтан Чапаевич, БҚО Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының орынбасары:

«Бүгінгі шараның басты мәні – жастарға “Таза Қазақстан” идеясын дұрыс түсіндіру және олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Экологиялық мәдениет – ел болашағының сапасын айқындайтын маңызды фактор. Осы бағытта жастардың бастамаларын қолдау – біздің негізгі міндетіміз».

Квест барысында белсенді жастар өз ойларын ортаға салып, түрлі бағыттағы экологиялық мәселелердің шешу жолдарын ұсынып, ортақ талқылау алаңын құрды. Экологиялық волонтерлік, жастар жобалары мен бастамаларды қолдау мәселелері де талқыланды.

Ұйымдастырушылар мұндай шаралардың алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтіп, өңір жастарын «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы экологиялық іс-шараларға белсенді қатысуға шақырды.

Комментарии