Қаладағы кептеліс. Метродағы жағдай қалай?

398
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/hK384UkWOvjNxEuW3kAjcMIlCn0OZl55YGRD094z.jpg

1 қыркүйек күні Алматы метросында жолаушылар саны күрт артты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әлеуметтік желіде «Бауыржан Момышұлы» станциясының кіреберісінде жиналған халықтың видеосы тарады.

Метро өкілдерінің айтуынша, оқу жылының басталуына байланысты жолаушылар ағыны әдеттегіден шамамен екі есе көбейген. Бұған оқушылар мен студенттердің қалаға оралуы, қала маңынан келетін жолаушылар санының артуы және қыркүйектегі көлік кептелісі себеп болған. Метро мәліметінше, 1 қыркүйекте сағат 06:20-дан 14:00-ге дейін метрополитен қызметін шамамен 40 мың адам пайдаланған.

Оқу жылының басталуына байланысты қарбалас уақытта пойыздар арасындағы интервал 3 минут 27 секундқа дейін қысқартылды.

Метро әкімшілігі жолаушылар ағынын бақылауды жалғастырып жатыр.

Комментарии