Тәшиевтен кейін. Қырғыз депутаттары МҰҚК жаңа басшысын бірауыздан қолдады

145
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/icQWgBfLfALO4bs8sDKwDi06QKUpPfY1H0XwxlNS.webp

Фото: kenesh.kg

Қырғызстан Жогорку Кенеші Мақсат Асанәлиевті Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) төрағасы қызметіне тағайындауға келісім берді. Парламент депутаттары тиісті шешімді бірауыздан мақұлдады, деп хабарлайды “Адырна”.

Аталған мәселе алдымен Жогорку Кенештің бейінді комитетінде қаралған. Комитет Асанәлиевті Қырғызстанның бас прокуроры қызметінен босатып, оны МҰҚК төрағасы лауазымына тағайындау туралы ұсынысты қолдады.

Кейін кандидатура парламенттің жалпы отырысына шығарылып, депутаттардың толық қолдауына ие болды.

Енді Жогорку Кенештің шешімі Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа жіберіледі. Мемлекет басшысы Асанәлиевті МҰҚК төрағасы етіп тағайындау туралы тиісті жарлыққа қол қоюы тиіс.

Мақсат Асанәлиев 2024 жылдың маусымынан бері Қырғызстанның бас прокуроры қызметін атқарған. Биыл 30 маусымда ол бұл қызметтен кететінін мәлімдеген. Артынша Садыр Жапаров оны МҰҚК төрағасының міндетін атқарушы етіп тағайындады.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстандағы күштік құрылымдар жүйесінде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болған. Кейін МҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиевке қатысты сот үкімі шықты.

Комментарии