Қорғаныс және Ішкі істер министрлері тағайындалды

292
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/BX83H7bnnOW8INfXBW9N4XUqSiOQcmlNtGuHbTD6.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі, ал Ержан Сәденов Ішкі істер министрі лауазымына қайта тағайындалды. Бұл туралы 3 қыркүйекте Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Тиісті жарлықтарға президент қол қойған. Осылайша Дәурен Жұматайұлы қорғаныс ведомствосын, ал Ержан Сапарбекұлы ішкі істер саласын басқаруды жалғастырады.

Дәурен Қосанов 1969 жылы 14 қазанда Павлодар облысы Краснокут ауданы Новотроицкое ауылында дүниеге келген. Армавир жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін (1990 ж.), Ю.А. Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясын (2005 ж.) және Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының әскери академиясын (2013 ж.) бітірген.

Еңбек жолын Үшарал истребительдік полкінде жойғыш-ұшқыш ретінде бастаған. Талдықорған қаласындағы авиациялық база командирі, Шымкент қаласындағы авиациялық база командирі, Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы болған.

2022–2024 жылдары — Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы, 2024–2025 жылдары — қорғаныс министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметтерін атқарған. 2025 жылғы 8 маусымда президент жарлығымен Қорғаныс министрі қызметіне тағайындалған.

Ержан  Сәденов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Қарағанды қаласындағы Қазақстан Республикасы ҰҚК-нің жоғарғы мектебін тәмамдаған. 

Ішкі істер органдарында 1993 жылғы шілдеден бастап орта және аға басқарушы құрамның әртүрлі жедел лауазымдарында қызмет атқарған.

Әр жылдары Риддер, Өскемен қалалары полиция басқармаларының, Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы, Маңғыстау облысының Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары, ІІМ жедел департамент басшысы, көліктегі полиция департаментінің басшысы болып қызмет еткен.

 

 

 

 

 

Комментарии