«Еңбек еленеді». Президент Көшпенділер ойындарында ел намысын қорғағандарға жоғары баға берді

104
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/zZtPidmZOcecCS5JVrNISYjR3AlAQz3o3qfSoTGo.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жарыстардың барысын жіті қадағалап отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

"Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов арқылы Қазақстан атынан Ойынға қатысушыларға ізгі сәлемін жолдап, достық пен әділдік рухында өтіп жатқан жарыстарда жарқын жеңіс тіледі. Мемлекет басшысы бапкерлер мен чемпиондарға ризашылығын білдірді, сондай-ақ ұлттық құраманың ортақ табысына үлес қосқан барша азаматтың еңбегі еленетінін атап өтті", — делінген хабарламада.

Еске салайық, 31 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты.

Бүгінде Қазақстан құрамасы 300 шақырымдық ат жарысында топ жарды. Жалпы есепте еліміздің спортшылары 25 алтын медальмен көш бастап келеді.

Комментарии