Елдар Толғанбаев Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Ақорданың мәліметінше, тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған.
Елдар Сейдахметұлы Толғанбаев 1981 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін және Д. А. Қонаев атындағы университетті тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы мәслихат аппаратының бас маманы ретінде бастаған. Әр жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігінде, Премьер-Министр Кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығында, Орталық коммуникациялар қызметінде және Парламент Мәжілісінде қызмет атқарған.
2019-2022 жылдары Алматы қаласын дамыту орталығы мен «Almaty телерадиокомпаниясы» АҚ-да басшылық қызметтер атқарды. 2022 жылы Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болды.
2023 жылы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарып, 2023-2024 жылдары Президент Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.
2024 жылдан бері Үкімет аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.
Глава государства в режиме телемоста принял участие в церемонии запуска подачи природного газа в город Косшы
