КҚК маңындағы шабуыл. Министрлік түсініктеме берді

133
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/jtVTeFhvsRq7VPd5gsVFUCiKVSUEr10rbHcL8FFJ.webp

Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) нысандарына жасалған дрон шабуылына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқиға 8 қыркүйекте КҚК терминалының маңында болған.

« №1 және №3 қашықтан тиеу құрылғыларына тиеу операциялары уақытша тоқтатылды. КҚК-ның жүк тиеу жүйелері мен танкерлердің жағдайына қажетті тексерулер жүргізілгеннен кейін тиеу жұмыстарын жалғастыруға кедергі келтіретін ешқандай ақау анықталған жоқ. Қоршаған ортаға да зиян келмеген»,– делінген хабарламада.

Тексерістен кейін жүк тиеу операциялары қайта жанданған. Министрлік қазақстандық жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдауға ешқандай шектеу енгізілмегенін ерекше атап өтті.

Бұған дейін Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылдардың салдарынан Қазақстанның 2026 жылға жоспарланған мұнай өндіру көлемі 98 миллион тоннадан 96 миллион тоннаға дейін түзетілгенін хабарлаған болатын.

 

 

Комментарии