Кеңестің кілті бұралды. Алғашқы сессияда Халық кеңесі мен Құрылтайдың айырмасы айтылды

140
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/fPWrHg2sSS9C2RC3beSiZREgo2qmmL5H3sFSyab4.webp

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің сессиясында жаңа құрылған органның қызметіне қатысты пікір білдіріп, оның Ұлттық Құрылтайға балама құрылым емес екенін мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Халық Кеңесі мен Құрылтайдың өкілеттіктері заңмен нақты айқындалғанын атап өтті.

«Алайда мына нәрсені бірден түсініп алған жөн. Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес. Кеңес мүшелері Құрылтайдың құзыретіне кіретін жұмыспен айналыспайды. Депутаттардың қызметіне араласпайды. Заң бойынша осындай әрекеттерге құқы жоқ. Тиісінше, Құрылтай депутаттарының да Халық Кеңесінің жұмысына араласуға хақы жоқ»,–деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі институттың бір-бірін толықтырып, үйлесімді жұмыс істеуі маңызды екенін айтты. Осыған байланысты Халық Кеңесі мен Құрылтай комитеттерінің өзара тығыз байланыста болуы қажет екенін жеткізді.

 «Алдымызда тұрған мақсат та – бір, Отанымыз да – бір. Сондықтан бәріміз біртұтас ел болып бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып Қазақстан халқы үшін табанды қызмет етуіміз керек.

Заң жобаларын әзірлеу барысында жұртшылықтың ой-пікірін, талап-тілегін толыққанды ескеру қажет. Құрылтай мен Халық Кеңесі әрқашанда бірге болса, осындай мүмкіндік міндетті түрде пайда болады. Қазақстан Халық Кеңесіне этномәдени бірлестіктердің, аймақтық мәслихаттар мен қоғамдық кеңестердің, сондай-ақ, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді. Осылайша мемлекет пен қоғам арасындағы байланыстың жаңа, ауқымды әрі біртұтас жүйесі қалыптасып отыр»,–деп түйіндеді ол.

Комментарии