Ақтаудағы әскери оқу-жаттығу. Қаза болған сарбаздар ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

278
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/mcY4dVmMrrYVAK4dNVlJwerVqK8tvScICExfTIFX.jpg

Ақтау гарнизонында өткен әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметкерлердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Бұл туралы Бас прокуратура жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ведомство мәліметінше, оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін жедел-тергеу тобы құрылған. Оқиға орнында Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және прокуратура қызметкерлері жұмыс жүргізіп жатыр.

«Қазіргі уақытта барлық жағдайды жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сот сараптамалары тағайындалған»,– делінген хабарламада.

Бас прокуратура тергеу барысы ерекше бақылауға алынғанын мәлімдеді.

Бұған дейін Каспий жағалауындағы оқу-жаттығу кезінде тоғыз әскери қызметкер қаза тапқанын жазған едік.

Комментарии