Димаш Құдайберген әлемдік концерт беруі мүмкін

138
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/6jTMwkyq3FE5nt2LVyEgIIfP8oWYahMvkSLbvYP4.jpg

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген алдағы әлемдік турнесі аясында 40-тан астам елде өнер көрсетуі мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл туралы өнер иесі Grammy студиясының «Global Mixtape» жобасының алғашқы шығарылымында айтты. Журналист Валери Лиге берген сұхбатында әнші алдағы концерттері, шығармашылық жоспарлары және жанкүйерлерімен кездесуі туралы айтты. Сұхбат барысында Оңтүстік Америка елдеріне жоспарланған концерттік сапар да сөз болды. Әлемдік турне туралы сұраққа жауап берген Димаш әзірге нақты елдердің тізімін жариялай алмайтынын жеткізді.

«Нақты айта алмаймын, бірақ 20-дан астам ел болуы мүмкін. Бәлкім, 30-дан, тіпті 40-тан да асып кетер. Мен мүмкіндігінше көп концерт беріп, әлемнің барлық елін аралағым келеді. Өйткені жанкүйерлеріммен кездескенді жақсы көремін», – деді әнші.

Сонымен қатар Димаш Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden аренасында өткен концерті туралы деректі фильм жарыққа шығатынын хабарлады. Оның айтуынша, туынды алдағы бір-екі апта ішінде YouTube арнасына жариялануы мүмкін.

Әнші бұл концертті өзі үшін ғана емес, Қазақстан үшін де маңызды оқиға деп бағалады.

Комментарии