Зеленский 25 пайыз жерін қиып, соғысты тоқтатуға келісетінін айтты

166
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/oM9f5UaBZ6gnKOTm5cI5WuGsgAjlZBfyaiJjTFAM.avif

Украина президенті Ресеймен соғыс қимылдарын қазіргі майдан шебінде тоқтату қақтығысты аяқтаудың ықтимал жолдарының бірі екенін айтты, деп хабарлайды “Адырна” Fox News-қа сілтеп.

Телеарна тілшісі Зеленскийден Украина аумағының басым бөлігі Киевтің бақылауында қалатын, ал соғыс қазіргі позицияларда тоқтатылатын келісімге келуге дайын ба екенін сұрады.

Украина басшысы қинала жауап беріп, алдымен оқ атуды тоқтатып, майдан шебіндегі жағдайды тұрақтандыру қажет екенін айтты. Оның пікірінше, бұл соғысты аяқтауға мүмкіндік беретін нақты қадам болуы мүмкін.

Зеленский ел аумағының 75 пайызы немесе одан да көп бөлігі Украина бақылауында қалатын бейбіт келісім туралы сұраққа:

"Иә, қазір бізге [майдан шебін] тоқтатып қою қажет. Меніңше, бұл - соғысты аяқтаудың нақты жолы. Президент Трамп айтқандай, біз мұны оқ атуды тоқтату немесе адам өлтіруді доғару деп атаймыз", - деп жауап берді.

Зеленскийдің пікірінше, атысты тоқтату – қақтығысты реттеудің бастапқы кезеңі. Одан кейін Украина АҚШ пен Еуропа елдерінен қауіпсіздік кепілдіктерін сұрамақ.

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков та Украинадағы соғысты аяқтау перспективасына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, қақтығыстың аяқталуы қаншалықты жақын екенін нақты айту қиын, алайда жағдай осы бағытта өрбіп келеді.

Бұл мәлімдеме Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффтың Санкт-Петербургте өткен кездесуінен кейін жасалды.

Ушаковтың хабарлауынша, Ресей қарашаның ортасында Украина және АҚШ-пен үшжақты келіссөздерді қайта бастауға дайын екенін білдірген. Келіссөздер өтетін ықтимал орындардың бірі ретінде Абу-Даби қарастырылып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Омбыдағы оқшау отырыста Президент Тоқаев Ресей-Украина қақтығысын уақытша тоқтатуға шақырған еді.

Комментарии