Ринат Зайыт әскер саласында жаңа қызметке тұрғанын айтты

391
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/128OxDNLZWAECOeVetzf2VJ2Vdg4eDsrwLS3Xozk.jpg

Айтыскер ақын, бұрынғы Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығын басқаруға кірісті. Ол жаңа қызметке қазан айының басында, Маңғыстау облысында 14 сарбаздың қаза табуынан кейін келген. Бұл туралы ол Adal ADAM YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды “Адырна” .

Ақынның сөзінше, орталықтың негізгі міндеттеріне әскери ансамбльдер мен оркестрлердің жұмысын үйлестіру, мәдени және патриоттық іс-шараларды ұйымдастыру кіреді. Сонымен қатар мекеме әскери қызметшілер мен әскерге шақырылуға дейінгі жастардың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізеді.

Ринат Зайыттың мәлімдеуінше, оның бұл қызметке келуіне қорғаныс саласында қолға алынған реформалар да ықпал еткен.

«Соңғы жағдайлардан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс саласында түбегейлі өзгерістер жасауды тапсырды. Бұл реформалар басталды. Мен өзім жаңа өзгерістерге қатысқанды жақсы көретін адаммын. Сондықтан бұл қызметке қуана-қуана келдім. Сол реформаның кішкентай болса да бір бөлшегіне атсалыссам деген арманмен келдім», – деді Ринат Зайыт.

Комментарии