Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Қаратаев көшесінде өрт болды, деп хабарлайды "Адырна".
Оқиға орнынан түсірілген видеода қою қара түтіннің көкке көтерілгені байқалады. Өрт AFD Plaza тұрғын үй кешенінің маңында болған.
Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, өрт 3 қараша күні сағат 15:50-де тұтанған. Оқиға орнына жеке құрамның 23 қызметкері мен жеті арнайы техника жұмылдырылды.
Алғашқы мәлімет бойынша, өрт жеке тұрғын үй аумағында шыққан. Кейін нақтыланған ақпаратқа сәйкес, шаруашылық құрылысы отқа оранып, жалын тұрғын емес үйге тараған. Өрттің жалпы аумағы 100 шаршы метрді құрады.
Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, өрт сағат 16:17-де оқшауланды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Новости по теме
Ключи от 60 квартир и 13 государственных наград от имени Президента вручили в Алматы в честь Дня работников культуры и искусства
