Шымкентте басқарма басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасы басшысының заңсыз әрекетінің жолын кесті. Ол өзінің қарамағындағыдан еңбек шартын ұзартқаны және қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін 1 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде»,—делінген хабарламада.Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Новости по теме
В Шымкенте прошла первая глобальная цифровая конференция Центральной Азии — Global Tech Wave Central Asia