Алматыдағы хостелдегі өрттен қаза тапқан адамдардың жеке басы анықталды. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, қайтыс болған 13 адамның төртеуі шетелдіктер (Ресей Федерациясының 2 азаматы және Өзбекстанның 2 азаматы), қалған 9 адам - Қазақстан Республикасының азаматтары.
Бұған дейін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев 10 адамның жеке басы анықталғанын мәлімдеген еді. Сондай-ақ, ол бұл хостел Алматы қаласы жоғары оқу орындарымен студенттердің тұруы үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоймағанын айтты.
Белгілі болғандай, хостел бір жарым ай бұрын ашылған, ғимарат Халық банкке тиесілі, банк оны кепілмүлік ретінде жалға берген.
Новости по теме
Строительство горного курорта удержит молодёжь в стране: на слушаниях по Almaty SuperSki обсудили создание 15 тысяч рабочих мест
