«Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы апатты тергеу жөніндегі комиссия тексеріс нәтижесін жариялады. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Тергеу 4-24 қаңтар аралығында жүргізілді.
«Комиссия 7 жауапты адамды анықтады, олардың әрекеті салдарынан жазатайым оқиға болды. Еңбек заңнамасына сәйкес тергеу материалдары құқық қорғау органдарына жіберілді», - делінген хабарламада.Тергеу нәтижелеріне сәйкес апатқа мына жағдайлар себеп болған:
- жұмыс өндірісі дұрыс ұйымдастырылмаған;
- «Майқайыңалтын» АҚ жауапты тұлғалары тарапынан тау-кен жұмыстарының қауіпсіз жүргізілуіне өндірістік бақылау тиісті түрде жүзеге асырылмаған;
- блоктарды өңдеу кезінде қазбалардан құлау процесін бақылау дұрыс жүргізілмеген.