Майқайыңдағы апат. Комиссия тергеу нәтижесін жариялады

2084
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/img_8915.jpeg
«Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы апатты тергеу жөніндегі комиссия тексеріс нәтижесін жариялады. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Тергеу 4-24 қаңтар аралығында жүргізілді.
«Комиссия 7 жауапты адамды анықтады, олардың әрекеті салдарынан жазатайым оқиға болды. Еңбек заңнамасына сәйкес тергеу материалдары құқық қорғау органдарына жіберілді», - делінген хабарламада.
Тергеу нәтижелеріне сәйкес апатқа мына жағдайлар себеп болған:
  •  жұмыс өндірісі дұрыс ұйымдастырылмаған;
  • «Майқайыңалтын» АҚ жауапты тұлғалары тарапынан тау-кен жұмыстарының қауіпсіз жүргізілуіне өндірістік бақылау тиісті түрде жүзеге асырылмаған;
  • блоктарды өңдеу кезінде қазбалардан құлау процесін бақылау дұрыс жүргізілмеген.
Еске сала кетсек, 4 қаңтарда Павлодар облысы Баянауыл ауданында «Майқайыңалтын» АҚ шахтасына құтқарушылар мінген автобус құлап кеткен еді. Екі адамның денесі бірден табылды. Ал автобус пен екі құтқарушы әлі іздестіріліп жатыр.
Yorumlar
Diğer Haberler