Нұр-Сұлтанда Nur Otan партиясының төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы өтуде.
Жиын барысында партияны “қайта жүктеу” бағдарламасы талқыланады деген жоспар бар. Бұдан бөлек, Саяси кеңестің бюросына жаңа мүшелер қабылданады.“Бүгін біз ел дамуының негізгі бағыттары бойынша біраз мәселе жөнінде сөз көтеретін боламыз. Сол үшін саяси кеңестің кеңейтілген отырысына жиналып отырмыз. Биыл партиямыз үшін ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын білеміз. Екі съезд өткіздік. Партиямыздың 20 жылдығын өткіздік. Маусым айында президент сайлауында біздің кандидатымыз – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жеңіске жетті. Халық біздің жұмысымыздың нәтижесін көріп жатыр”, – деді Назарбаев.
Партия төрағасының айтуынша, жаңа саяси жағдайда партияның рөлі артып отыр. Осыған орай бүгінгі кеңесте алдағы мақсаттарды талқылау жоспарланып отыр.
“Біз өз бастамаларын ұсынатын белсенді азаматтарды, блогерлердің бәрін көреміз, естиміз. Өз еліне шынымен жаны ашыса, біз оларды бірге жұмыс істеуге шақырамыз. Өз идеяларын Nur Otan партиясы аясында жүзеге асыра алады”, – деді Назарбаев.
Дереккөз: sputniknews.kz
"Адырна" ұлттық порталы