Франция президенті Эммануэль Макрон Израильге қару-жарақ жеткізуді тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі ТАСС-қа сілтеп.
Ол Газа секторындағы қазіргі әскери әрекеттер тек қақтығыстың шиеленісуіне ықпал етіп, ұзақ мерзімді перспективада Израильдің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретінін айтты.
«Мен мұны премьер-министр Биньямин Нетаньяхуға қайталадым: Газа секторында соғысу - Израильдің болашақ қауіпсіздігі үшін қате. Осындай әрекеттердің нәтижесінде аймақтағы шиеленіс пайда болады», - деп атап өтті Макрон.Франция президенті Париждің ұстанымын Израиль билігі қабылдамай отырғанына алаңдаушылық білдірді. Оның пікірінше, халықаралық қауымдастықтың әскери қолдауын тоқтату саяси шешім табуға түрткі болуы мүмкін.
Новости по теме
Не служивших в армии и находящихся в запасе россиян старше 30 лет планируют отправлять на военные сборы