Макрон Израильге қару-жарақ жеткізуді тоқтатуға шақырды

1642
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/makron-emmanuel-960x500.jpg?token=fee190f27d2c061e164b70ba77e50f34
Франция президенті Эммануэль Макрон Израильге қару-жарақ жеткізуді тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі ТАСС-қа сілтеп. Ол Газа секторындағы қазіргі әскери әрекеттер тек қақтығыстың шиеленісуіне ықпал етіп, ұзақ мерзімді перспективада Израильдің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретінін айтты.
«Мен мұны премьер-министр Биньямин Нетаньяхуға қайталадым: Газа секторында соғысу - Израильдің болашақ қауіпсіздігі үшін қате. Осындай әрекеттердің нәтижесінде аймақтағы шиеленіс пайда болады», - деп атап өтті Макрон.
Франция президенті Париждің ұстанымын Израиль билігі қабылдамай отырғанына алаңдаушылық білдірді. Оның пікірінше, халықаралық қауымдастықтың әскери қолдауын тоқтату саяси шешім табуға түрткі болуы мүмкін.
Comments