Таразда оқушы қыздың 54 жастағы өгей әкесінен бала босанғаны айтылды

1553
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/whatsapp-image-2024-04-16-at-10.10.53-960x500.jpeg?token=ffb0698c2c871bd6ad09eb31d358cf7b

Әлеуметтік желіде Тараз қаласында 16 жастағы жасөспірім өгей әкесінен бала босанды деген ақпарат тарады. Жамбыл облысының полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсінктеме берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. 

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмыстық әрекетті жасады деген күдікпен қыздың 54 жастағы өгей әкесі анықталып, ұсталған.

«Қазір аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабының 3-1-бөлігі «Кәмелетке толмаған баланы зорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірқатар қажет сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды»,– деп толықтырды полиция департаменті. 

Айта кетейік, бұл оқиға туралы полицияға босанған қыз түскен облыстық перинаталдық орталықтың қызметкерлері мәлімдеген. Күдікті айыптауларды жоққа шығарды.

Комментарии