Белгілі журналист, «Qazsport» телеарнасының тұңғыш директоры Диас Ахметшәріп қайтыс болды. Қаралы хабарды «Qazaqstan» ұлттық арнасы жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ол еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосының репортері болып бастаған. Ұзақ жылдар «Хабар» агенттігі мен «Qazaqstan» телеарнасында спорт журналисі болған. «Qazsport» мемлекеттік телеарнасының тұңғыш директоры, «Insport» телеарнасының бас редакторы қызметін атқарған.
2003-2007 жылдары Спорт және туризм істері агенттігінің баспасөз қызметінің басшысы, баспасөз хатшысы, 2010 — 2012 жылдары «Астана-СК» корпоративтік қорының қоғаммен байланыс департаментінің директоры, 2012-2013 жылдары Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының кеңесшісі болған. Сондай-ақ Олимпиада және Азия ойындарының, спорт түрлерінен әлем чемпионаттарының спорт шолушысы және ҚР құрамасының баспасөз атташесі қызметтерін атқарған.
Бұған дейін Диас Ахметшәріптің инсульт алып, комаға түскенін жазған едік.