Қазақстанның құтқарушылары АЭС-те болуы мүмкін апаттарға дайындалуда

988
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/MPxCzs4P4lM0gS5GDIkJtCNovyCiz3kCiO3yPgXP.jpg

Қазақстанда атом электр стансасында болуы мүмкін төтенше жағдайларға дайындық мақсатында құтқарушылар үшін оқу-жаттығулар ұйымдастырылды, деп хабарлайды "Адырна".

11-15 тамыз аралығында Өскемен қаласында Төтенше жағдайлар министрлігі, Атом энергиясы жөніндегі агенттік пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған «Қалқан-2025» бірлескен командалық-штабтық оқу-жаттығулар өтті.

 «Іс-шара Қазақстанда салынатын атом электр станциясының құрылысы қарсаңында азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру және қауіпсіздіктің халықаралық стандарттарын енгізу жөніндегі кешенді шаралардың бір бөлігі болды», - деп мәлімдеді ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі.

Оқу-жаттығу барысында түрлі сценарийлер ойластырылып, мемлекеттік органдар, зауыттар, ауруханалар мен жергілікті билік бір-бірімен қалай жұмыс істейтіні пысықталған.

Агенттік атап өткендей, «Қалқан-2025» оқу-жаттығулары Қазақстан атом энергетикасы саласында заманауи технологияларды қолдануға және маңызды нысандарды қауіпсіз пайдалануға дайын екенін көрсеткен.

Yorumlar
Diğer Haberler