Ресейлік зауытта жарылыс болып, аза тұту күні жарияланды

1652
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/c5VXnOmCHc2oRUa7wJxGTXb5FY4Q00paEQvd6EdO.webp

Ресейдің Рязань облысында кәсіпорында жарылыс болып, аймақта аза тұту күні жарияланды «Адырна» тілшісі.

Оқыс оқиға 15 тамыз күні Рязань облысының Шилов ауданыдағы «Эластик» зауытындағы оқ-дәрі цехында болған. Соңғы деректерге сүйенсек, қаза тапқандар саны 11 адамға жеткен.

«Қайғылы жағдайға байланысты 18 тамыз аза тұту күні деп жарияланды»,—деді облыс губернаторы Павел Малков.

Ол бүкіл аймақ бойынша мемлекеттік ту төмен түсірілетінін, ал мәдениет мекемелері, телерадио компаниялары мен ұйымдарға көңіл көтеру шараларын өткізбеу ұсынылғанын атап өтті.

Оқиға салдарынан 130 адам зардап шеккен, олардың 29-ы ауруханаға жатқызылған. Барлық зардап шеккен жанға қажетті медициналық көмек көрсетілген.

Сонымен қатар қазіргі уақытта салдарды жою жұмыстары жүргізілуде. Тергеу комитеті өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылуы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Yorumlar
Diğer Haberler