Анасын құттықтаған депутатқа қатысты тағы да шу шықты

821
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/n3N2sMFGcrDwAyn0P7kPLUjfFmYaxQT7RXNHFjSB.jpg

Журналист Гүлбану Әбенова Мәжіліс депутаты Ардақ Назаровтың біліміне қатысты әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Әбенованың дерегінше, Назаров 2011 жылы, 31 жасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сонымен бірге ашық дереккөздерде оның Қазақ көлік және коммуникациялар университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітіргені көрсетілгенімен, нақты оқу жылы жазылмаған.

Ал Парламент сайтындағы мәліметке сәйкес, 2014 жылы Назаров Қазақ спорт және туризм академиясын «Дене мәдениеті және спорт» мамандығы бойынша аяқтаған.

Журналисттің айтуынша, кеше ғана Уикипедиядағы Назаровтың өмірбаянында оның білімі туралы деректер болғанымен, бүгін ол абзац жойылып кеткен. Қазір онлайн энциклопедиядағы ақпарат бірден спорттық жетістіктерінен басталады.

«Кеше ғана Назаров жайлы жазбамды 17,6 мың адам көрді. Менің өтінішім: осы аталған үш университеттің бірінде Назаровпен бірге оқығандар болса, пікір жазыңыздар», – деді Әбенова.

Сонымен қатар ол бұған дейін Жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің «Көкше» академиясындағы студенттік жылдарына қатысты да ешкімнен пікір түспегенін атап өткен.

Бұған дейін, Ардақ Назаров Мәжілістің пленарлық отырысында депутаттық сауалын бастамас бұрын анасын туған күнімен құттықтап, көпшілік назарына іліккен еді.

Yorumlar
Diğer Haberler