Украинада ерікті қазақ жауынгері қаза тапты

859
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/rZhM7S1Afh4RybypP0edyoXlC0nqfajTNnjkE9F8.jpg


Украинада "Шетелдік легион" құрамында шайқасқан этникалық қазақ Марлен Молдырайым қаза болды. Бұл туралы Харьков облысындағы қазақ диаспорасының жетекшісі Макка Каражанова жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

Каражанованың айтуынша, Марленмен соңғы апталарда байланыс болмаған. Туыстары мен таныстары оны таба алмай жүрген. Легионның ішкі ережелеріне байланысты әскери құрылым оған қатысты ақпаратты тарата алмаған.

Марлен Молдырайым 2025 жылдың 13 қарашасында, соғыста жүрген кезде қаза тапты. Ол Украинаға өз еркімен, жеке ұстанымы мен әділдікке деген сенімінің жетелеуімен келген. Қазақстан азаматтығынан ертерек шыққанымен, басқа елдің азаматы болса да, күреске деген шешімі өзгермеген.

Марленді танығандардың айтуынша, ол бірнеше тілді меңгерген, кәсіпкерлікпен айналысқан, заңгерлік білімі бар, интеллектуал тұлға болған. Жақындары мен әріптестері оны парасатты, адал және жауапкершілігі жоғары адам ретінде сипаттайды.

Шетелдік легион жауынгерлері Марленді «Украинада ерікті болып қызмет еткен біздің қазақстандық бауырымыз» деп құрметпен еске алды.

Yorumlar
Diğer Haberler