Жолаушылар автобусы экскаватормен соқтығысты

100
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/8srsDV5dUtebJMGFk3LBHQb7w6113p8actG1CbR0.jpg

Ақмола облысында Қабанбай батыр мен Қызылжар ауылдарының арасындағы тасжолда жолаушылар автобусы мен экскаватордың қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, соқтығыс салдарынан автобус жүргізушісі кабинаның ішінде қысылып қалған. Сондай-ақ бірнеше жолаушы әртүрлі жарақат алған. Қатты соққыдан кейін экскаватор өртеніп кеткен.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен автобус жүргізушісін босатып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Зардап шеккен жолаушылар ауруханаға жеткізілді.

Экскаватордағы өрт толық сөндірілді. ТЖМ қаза тапқандардың жоқ екенін хабарлады.

Yorumlar
Diğer Haberler