Жолаушылар автобусымен соғысқан. Жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы жарияланды

59
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Ef7SmM5XulV6vTRrjXRqVxd6ikvvbjJHGIVqlKf3.avif

Астана қаласы №1 қалалық ауруханасы жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер туралы мәлімет берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

5 желтоқсанда микроавтобус пен жолаушылар автобусының соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тапқаны белгілі болды. Екі адам ауруханаға жеткізілді.

Аурухананың емдеу-профилактикалық жұмыс жөніндегі орынбасары Бауыржан Ешмуратов хабарлағандай, зардап шеккендерді реаниматолог, травматолог, хирург тексерген.

Бір науқасқа тек амбулаториялық ем қажет болды, ол кейін үйлеріне жіберілді.

Екінші науқас көпсалалы жарақаттар бөліміне жатқызылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы орташа ауырлықтағы тұрақты.

Айта кетейік, Аталмыш жол апаты 5 желтоқсанда түнде Қарқаралы тасжолында, Ақмола облысының Қабанбай батыр және Қызылжар ауылдары аралығында орын алған. Жолаушылар автобусы мен экскаватор соқтығысып, автобус жүргізушісі кабинада қысылып қалған, ал бірнеше жолаушы әртүрлі жарақаттар алған.

Пікірлер