«Менің қатысым бар» дегенге түсінік. Шымкент әкімі Берденовке жасалған шабуыл жайлы айтты

235
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Cl5MBn8AFkwDa0LqD5mkDcBRiBOAFsDwGZeWGisw.jpg

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуылға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әкім алдымен бұл іс бойынша сот үкімі шығарылғанын, ал әкімдік құқық қорғау органы емес екенін атап өтті.

Сыздықбеков Берденовті атқан Ернар Жиенбайдың «қастандыққа Сыздықбеков тапсырыс берді» деген сөзіне қатысты жауап берді.

«Менің орынбасарым Берденов ол уақытта жұмысына кіріскеніне бір айға да толмаған. Оның су ресурстарына немесе маркетинг мәселесіне еш қатысы жоқ. Баспасөз қызметі түрлі әңгімелерді көрсетіп отырады. «Ол келгелі қала жарқырай бастады» деген сөздер айтылды. Шын мәнінде, ол қызметіне енді кірісіп жатқан кезең еді. Ал ары қарай не болғанын өзіңіз білесіз.
Әр адам өз ойын айтуға құқылы. «Менің қатысым бар» деген әңгіме — олардың ішінен шыққан пікір. Менің оған қандай қатысым болуы мүмкін? Әрине, адам өзін қорғау үшін не айтпайды? Сот шешімі шықты, мәселе жабылды. Оны қайта-қайта қозғай берудің қажеті жоқ», — деді ол.

Еске салайық, 21 сәуір күні қала әкімдігі ғимараты маңында Ернар Жиенбай Руслан Берденовке оқ атқан еді. Берденов жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, ота шамамен төрт сағатқа созылған. Күдікті оқиға орнында ұсталды.

Yorumlar
Diğer Haberler