Бірнеше банк қыруар қаржыны шетелге «аударуға» қатысын жоққа шығарды

115
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/mRtfllK2qC060Vbarlj3FofVMzIcwSfW65bVFv09.jpg

Бірқатар қазақстандық банк Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан шетелдік 7 трлн теңгені сыртқа «айдап шығару» операцияларына қатысы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп.

Атап айтқанда, «Отбасы банкінің» баспасөз қызметі мұндай операциялардың олардың банкіне қатысы жоқ екенін айтты. Сонымен қатар «Халық банк», «Алтын банк», «Хоум Кредит банк» және «Еуразиялық банк» те өздерінің аталған күмәнді қаржы операцияларына қатысы барын жоққа шығарды.

Еліміздегі ең ірі әрі көне банктердің бірі ресми түсініктеме беруге уақыт сұраса, өзге банктер редакциядан электронды пошта арқылы ресми сұрау жолдауды өтінген. Ал «Банк ЦентрКредит» журналистік сауалға ерекше талап қойған жалғыз банк болып шықты.

ҚазТАГ дерегінше, БЦК жазбаша жауап алу үшін өтініш иесінің аты-жөнімен қатар, ЖСН, байланыс нөмірі және толық тұрғылықты мекенжайын көрсетуді талап еткен. Банк бұл деректер өтінішке қол қойылып, PDF форматында жолдануы қажет екенін хабарлаған. Айта кетерлігі, мұндай талапты басқа бірде-бір банк қойған жоқ.

 

Yorumlar
Diğer Haberler