Мәскеусіз православ шіркеуін құру әрекеті. Сотта діни бірлестікті тіркеу жайы қаралады

201
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/abpdHQUO3oFtomJRUACTgBXkz7xxDYlAguEyk6wv.jpg

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты бұрынғы діни қызметкер Иаков Воронцовтың қалалық әділет департаменті мен Қазақстанның Әділет министрлігіне қарсы берген талап-арызын өндіріске қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы  ҚазТАГ агенттігіне сілтеп.

Талапкер мемлекеттік тіркеуден бас тартуды заңсыз деп тануды, сондай-ақ жауапкерлерді діни бірлестікті тіркеуге міндеттеуді сұрап отыр. Құжаттың өзге егжей-тегжейі жарияланған жоқ.

Бірнеше жыл бұрын Воронцов Қазақстанда Орыс православ шіркеуінің Мәскеу патриархатына бағынбайтын дербес православ шіркеуін құруға әрекеттенген. Ол Әділет министрлігіне екі рет құжат тапсырғанымен, екі мәрте де тіркеуден бас тартылған.

Иаков Воронцов - Астана және Алматы епархиясының бұрынғы иеромонахы. Ол 2023 жылы Ресейдің Украинадағы әскери әрекетін және шіркеу басшылығын сынға алғаннан кейін көпшілікке танылды. Әлеуметтік желідегі парақшасында ол шіркеулік қызметін тоқтататынын мәлімдеп, Қазақстанда миссионерлік қызмет жүргізудің моральдық негізі деколонизация мен декоммунизациядан басталуы тиіс екенін айтқан.

2024 жылы Воронцов қызметінен шеттетіліп, діни қызметкер мәртебесінен айырылды. Сонымен қатар оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 141-бабы бойынша іс қозғалған. Кейін тергеу қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылған.

Yorumlar
Diğer Haberler