Адамға бағдарланған Ата заң

97
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Sl610qpDpEnOKg3jo9RK38t3NgNmR11KaswaeJVK.webp

Елімізде республикалық референдумға ұсынылып отырған жаңа Конституцияның жалпы мазмұны адамға бағдарланып отыр. Оның мәтінінің негізгі ерекшелігінің өзі – адам құқықтарына басымдық берілуінде. Конституция преамбуласында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мүлтіксіз сақталатынын мәлімделді.

Негізгі заңның кіріспе бөлімінде ғана емес, тұтастай Конституцияның негізгі басымдықтары мен мән-маңызы адамның еркіндігі мен хақының сақталуын құндылық ретінде көрсетеді.

Осы орайда, жаңа жобаға енгізілген маңызды норманың бірі адамның тұрғын үйге деген іргелі құқығының конституциялық деңгейде қорғалуы. Мәселен, 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Конституцияның 25-бабы 1-тармағында: «Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешiмiнсiз тұрғын үйден айыруға жол берiлмейдi. Тұрғын үйге басып кiруге, оны тексеруге және тiнтуге заңмен белгiленген реттер мен тәртiп бойынша ғана жол берiледi», деп жазылған болса, жаңа Конституцияда бұл мәтін: «Тұрғын үйге қол сұғуға болмайды. Сот шешiмiнсiз тұрғын үйден айыруға және шығарып жіберуге жол берiлмейдi. Тұрғын үйге басып кiруге, оны қарап-тексеруге, тiнтуге заңда белгіленген жағдайда және көзделген тәртiппен жол берiледi», деп нақты жазылды.

Аталған норманы ұсынушылардың бірі, Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның мүшесі, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың айтуынша, Конституцияда тұрғын үй құқығын қорғау кепілдіктерін бекіту еліміздің әлеуметтік әрі құқыққорғау сипатын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұлжытпай сақталатынын айғақтайды.   

«Жаңа Конституция жобасы азаматтар күнделікті өмірде бетпе-бет келетін жағдайларды ескереді және адамның негізгі құқықтарына нұқсан келтіруі мүмкін ерікті шешімдердің алдын алуға бағытталған. Осы тұрғыдан алғанда, ол әділеттілікке, қауіпсіздікке және адамның қадір-қасиетін құрметтеуге қатысты қоғамдық сұранысқа жауап береді. Жалпы алғанда Ата заңның мазмұны адамға бағдарланып отыр», – деп түсіндірді ол.

Yorumlar
Diğer Haberler