Елдегі ірі қара мал саны 12 млн басқа жеткізілмек

105
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Jw04ifSK5iCVMUlh1Hdq0NIkAF0KdZYIN17cg6PU.webp

Қазақстан алдағы бірнеше жылда ет экспортын екі есе арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Бұл туралы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі вице-министрі хабарлады. 

Аманғали Бердалин DALA.CAMP ет форумында саланың алдағы жеті жылдық даму жоспары бекітілгенін айтты. 

Соған сәйкес, ірі қара мал саны 8,2 млн бастан 12 млн басқа дейін көбейтілмек. Ұсақ мал саны 28 млн басқа жеткізіледі.

Сондай-ақ ет өндірісі 1,2 млн тоннадан 1,8 млн тоннаға дейін, ал сүт өндірісі 1,4 млн тоннадан 2,1 млн тоннаға дейін ұлғаяды деп жоспарланған.

Аманғали Бердалин қолданыстағы қолдау шаралары жеткіліксіз екенін айтып, 2026–2030 жылдарға арналған жаңа кешенді жоспар бекітілгенін жеткізді. Жоспар аясында фермерлерге жылдық 5–6% мөлшерлемемен жеңілдетілген несие беру, алыс жайылымдарды игеру үшін құдық қазу және мобильді вагондар сатып алуға қаржы бөлу, ветеринариялық қауіпсіздікті күшейту шаралары қарастырылған.

Форум барысында Turan мал өсірушілер қауымдастығы төрағасы Жәнібек Кенжебаев сиыр етінің бағасы инвестициялық тартымдылық үшін 10–12 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін екенін айтты.

Yorumlar
Diğer Haberler