Қазақстанға қатысты БАҚ Ресейде “шетел агенті” тізіміне енді

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/x1K3TejvEFxyeUYDOQSST3Lht9OFaFApADpPyoaB.jpg

Ресей әділет министрлігі интернет-ресурс «Respublika.kz.media»-ны шетелдік агенттер реестріне қосты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ферғанаға сілтеп.

Ақпарат 2026 жылдың 27 ақпанында тараған.

Аталған жоба — бұрынғы оппозициялық «Республика» газетінің журналистері құрған медиа алаң. Ол Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі саяси-әлеуметтік оқиғаларды жариялап келеді.

Ведомствоның мәлімдеуінше, «Respublika.kz.media» шетелдік агенттер мен Ресейде «қалаусыз ұйым» деп танылған құрылымдардың материалдарын таратқан.

Сонымен қатар, Ресей билігінің шешімдері туралы «шынайы емес ақпарат» жариялаған. Сонымен қатар министрлік жоба шетелдік ұйымның қолдауымен құрылғанын және оның басшылығы Ресейден тыс жерде жүзеге асырылатынын алға тартқан.

Реестрдегі «жоба қатысушылары» бағанында бас редактор Ирина Петрушова көрсетілген. «Шетел агенті» түрі ретінде «өзге тұлғалар бірлестігі» деп белгіленген.

Бұл — ресейлік билік апта сайын жаңартып отыратын «агенттер» тізіміне қазақстандық бұқаралық ақпарат құралының алғаш рет енгізілуі.

Қазақстандық басылым соңғы жылдары Украинада қаза тапқан қазақстандық журналист Айдос Садықовтың өліміне қатысты және Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасының шетелдегі активтері жөніндегі зерттеу материалдарын жариялаған. Өткен күзден бері «Республика» сайты Қазақстан аумағында ашылмайды.

Yorumlar
Diğer Haberler