АҚШ пен  Иран келісімге келе алмады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ee0Gzn2KCzfNs419ZxleRnwEJpqjVvFp2JuMMxLD.jpg

АҚШ пен  Иран келісімге келе алмады. Бұл туралы АҚШ-тың вице-президенті Джей Ди Вэнс баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Оның айтуынша, Вашингтон Тегеран әзірге өзінің ядролық бағдарламасынан бас тартуға дайын емес деп есептейді.

Исламабадта өткен үш раунд келіссөздерге қарамастан, тараптар ортақ шешімге келе алмады. БАҚ мәліметінше, кездесулер барысында Ормуз бұғазы, ядролық бағдарлама, өтемақы, санкцияларды алып тастау және өңірлік қақтығыстарды реттеу мәселелері талқыланған.

«Жаман жаңалық– біз келісімге келе алмадық. Менің ойымша, бұл Иран үшін АҚШ-қа қарағанда тиімсіз», – деп атап өтті Вэнс.

Ал Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Исмаил Багаи Исламабадтағы нәтижесіз өткен келіссөздерден кейін Тегеран АҚШ-пен бір ғана кездесуде келісімге келеді деп бастапқыда күтпегенін мәлімдеді.

«Бір раунд аясында келісімге келмеу – қалыпты жағдай», – деді ол.

Сондай-ақ, Багаи Пәкістанмен және аймақтағы басқа елдермен байланыстар жалғасатынын атап өтті.

Осы жағдай аясында Парсы шығанағы аймағындағы мыңдаған мұнай танкерлері үшін Ормуз бұғазы жабық күйінде қалуы мүмкін. Бұған дейін Дональд Трамп Иранға кеме қатынасын бұғаттаған жағдайда «ауыр салдарлар» болатынын ескерткен еді.

 

Yorumlar
Diğer Haberler